Қазақстан нарығындағы СДЭК: мәдени ерекшеліктерге қалай бейімделуге болады

СДЭК – Ресейдегі жетекші логистикалық компаниялардың бірі, әрі өз қызметін шетелде белсенді түрде кеңейтіп жатқан танымал халықаралық бренд. Ол соңғы үш жарым жылда шамамен тоғыз есе өсіп, 40-тан астам елде өз қызметтерін ұсынып, нарықта тұрақты орынға ие болды.

Компания жеткізу жылдамдығы мен қызмет көрсету деңгейі бойынша көшбасшылардың бірі атанды.

Компания қызметтері жақсы дамыған елдердің бірі — Қазақстан, мұнда 11 жылдан астам уақыттан бері табысты жұмыс істеп келеді. Мұның бірден-бір құпиясы СДЭК-тің жергілікті нарық ерекшеліктеріне оңай бейімделуі.

Қазақстан нарығының ерекшеліктері

Жаңа нарыққа шығудың өзіндік талаптары бар. Әсіресе, жергілікті мәдени және нарықтық ерекшеліктерді назарда ұстау қажет. Дегенмен, компания келесі қиындықтарға қарамастан, өз қызметтерін айтарлықтай дамыта алды.

Қазақстанда табысты жұмыс істеу үшін СДЭК басшылығы елдің ерекшеліктерін ескере отырып, өз бизнес-әдісін нарыққа бейімдеді:

Сурет: Әйгерім Кәрібаева

СДЭК-ті бәсекелестерден ерекшелейтін факторлар

Қазақстан нарығындағы СДЭК-тің негізгі бәсекелестері — "Қазпошта", Emex секілді жергілікті және өзге халықаралық компаниялар. "СДЭК Қазақстан" директоры Петр Петров СДЭК-ті өзгелерден ерекшелейтін бірнеше факторларды атап өтті:

СДЭК – бұл тек халықаралық корпорация ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның қажеттіліктері, менталитеті мен мәдени ерекшеліктерін ескеретін компания екенін көрсету мақсатында қазақстандық суретші Әйгерім Кәрібаевамен бірлескен жобаны іске қосты. Осы арқылы қазақ халқының бай мәдениетін танытатын көрнекі бейнелерді жасап шықты.

Сурет: Әйгерім Кәрібаева

Әйгерім өз жұмысында қазақ ертегілерінің метафораларын және мәдениеттің белгілері болып табылатын дәстүрлі ою-өрнектерді қолданды. Иллюстрацияларда қазақтың ұлттық киіміндегі батыр жігіт пен қыз, жылқылар мен киіз үйлер сияқты қазақтың көркемдік болмысын көрсететін бейнелер де бар.

"Біз үшін СДЭК бренді еліміздің кез келген қаласының тұрғындарына таныс әрі жақын болуы маңызды. Осы арнайы жоба аясында біз онлайн және офлайн жарнаманың барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, тіпті автокөліктерді брендтік жапсырмалармен безендірдік. Мұның бәрі СДЭК компаниясы жергілікті халықтың дәстүрі мен салтына құрметпен қарайтынын айқын көрсету үшін жасалды", — деп түсіндірді халықаралық маркетинг бөлімінің жетекшісі Евгения Пегусова.

СДЭК компаниясы Қазақстан нарығына бейімделуді және дамуды жалғастырып, клиенттерге сапалы қызмет көрсетіп, елдегі логистика саласының көшбасшыларының бірі болып қалуды көздейді.

Серіктес материалы

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: