Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 25 қарашада кезектің басты себебі Өзбекстан Республикасында "Дәуіт-Ата – Қоңырат" (400 км) автомобиль жолының ашылуы екенін анықтады.
"Бұдан өзге, қазіргі уақытта "Тәжен" өткізу пунктінде өткізу пунктін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде", — деп толықтырды ведомство.
Сурет: Маңғыстау облысы бойынша МКД
Осыған байланысты Маңғыстау облысы бойынша МКД Мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұзақ күтпеу үшін тауарларды тасымалдаудың балама бағыттарын таңдауды немесе тауарларды жеткізуге көбірек уақыт бөлуді ұсынады.
Маңғыстау облысы бойынша МКД тарапынан кедендік операцияларды жеделдетуге бағытталған қосымша шаралар қабылданды.
Сурет: Маңғыстау облысы бойынша МКД
Бұған дейін 25 мыңға жуық алматылықтың орталық сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қосылатыны хабарланған болатын.