Түркістан облысының ветеринария басқармасының "Ветеринарлық қызмет" ШЖҚ МКК басшысы сотталды

Фото: Zakon.kz
Түркістан қалалық сотының үкімімен облыстық ветеринария басқармасының "Ветеринарлық қызмет" ШЖҚ МКК басшысы Бақытжан Бегманов сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 26 қарашасында Антикор баспасөз қызметінің берген мәліметінше, ол аудандық ветеринариялық қызметтердің 115 қызметкеріне сыйақы ретінде төленген жалпы сомасы 5,5 млн теңгені жинау арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Бақытжан Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Электросамокат жүргізушілеріне қойылатын жаңа талаптар: қазақстандықтар нені білуі керек

Үкімет Еңбек министрлігіне жаңа міндеттер жүктеді

Канье Уэстің досы Алматыдағы кештен кейін әсерімен бөлісті