Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етуде

Фото: Zakon.kz
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен алимент бойынша борышкерлермен қылмыстық қудалауға дейін белсенді жұмыс жүргізілуде.

Қадағалау органы кейбір борышкерлердің әкімшілік жауапкершілік шараларына мүлде мән бермейтінін және бірнеше рет жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, өз балаларын қамтамасыз ету үшін алимент төлеуден жалтарып жүргенін атап өтті.

Мысалы, алты борышкердің үш жылдан астам уақыт бойы сот шешімін қасақана орындамау салдарынан өз балалары алдындағы қарыздарының жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асып кеткен.

Сол себепті прокурорлар оларға қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша балаларды және басқа да еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерін асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту сынды қатаң шараларды қолдана бастады.

Аталған тұлғалардың үшеуіне қатысты қылмыстық істер сотқа жолданылып, олардың бірі бойынша айыптау үкімі шығарылды және кінәлі адам сотталды.

Қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жалпы, жыл басынан бері прокурорлар 30-дан астам балаға сот шешімімен тиесілі қаражаттарын алуға көмектесіп, қадағалау актілері бойынша олардың пайдасына 50 миллион теңгеден астам қарызды өндіріп берді.

Облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев балалардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, алимент өндіру бағытындағы жұмыстарды ерекше бақылауда ұстайтынын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады