Қазақстандықтардың өтінішіне бей-жай қараған 600-ден астам шенеунік жазаланды

Сурет: pixabay
26 қарашада ҚР Бас прокуроры Берік Асылов жергілікті атқарушы органдарда азаматтардың өтініштерін қарау жағдайына қатысты алқа отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, осы жылдың 10 айында ЖАО-ға 1,1 млн өтініш түскен.

"Прокурорлар олардың әкімдіктерде қаралу сапасын тексерді. Республика бойынша қадағалау актілері негізінде әкімдіктердің 1652 лауазымды тұлғасы түрлі жауапкершілікке тартылды, оның 601-і – басшылық құрам", - деп жазды Берік Асылов.

Ол әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға жасанды интеллектті пайдалана отырып қоғам үшін маңызды мәселелерді талдау тәсілдерін қайта қарауды ұсынғанын жазды.


"Прокурорларға өтініш иелерінің бұзылған барлық құқықтарын қалпына келтіру және заңсыз шешімдерді жою шараларын қабылдау тапсырылды", - деді Берік Асылов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі