ШҚО-да полиция 20-дан астам мас жүргізушіні анықтады

Фото: Zakon.kz
ШҚО-да полицейлер үш күнде 20-дан астам мас жүргізушіні анықтады

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер үш күннің ішінде масаң күйде көлікті басқарудың 24 фактісін анықтаған.

Кейбір тәртіп бұзушылар өз кінәсін мойындаса, кейбіреулері жауапкершіліктен құтылуға тырысты. Ұсталған барлық жүргізушілер мас күйде көлік құралдарын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оларды жүргізуші куәлігінен 7 жылға дейін айыру, сондай-ақ 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы күтіп тұр.

Тексерілген жүргізушілер арасындағы 3 адам бұрын осындай құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылған. Енді олар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл ретте 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру максималды жаза ретінде белгіленген.

Айта кетейік, жыл басынан бері тәртіп сақшылары мас күйде көлік жүргізген мыңнан астам жүргізушіні тоқтатқан.

ШҚО ПД мас күйде көлік жүргізу жүргізушілердің өздерінің ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді. Барлық жүргізушілерді ережені қатаң сақтауға және жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырамыз.

Сондай-ақ, азаматтардан азаматтық ұстаным танытуды және ықтимал қайғылы жағдайлардың алдын алу және жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осындай жағдайлар туралы полицияға хабарлауды сұраймыз.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды