Түркістан облысында заңсыз көші-қонмен айналысқан адамдар тобы ұсталды

Фото: pexels
Түркістан облысында полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шетел азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмек көрсетумен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтырақ айтсақ, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шетелдіктерге шекарадан өту үшін жалған сот қаулыларын берген 9 адамды ұстады.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Барлық мән-жай анықталады. Сонымен қатар жоғарыда аталған жалған құжаттардың көмегімен ҚР шекарасынан өтуге тырысқан 10 шетелдік азамат елден шығарылды.

Жыл басынан бері "Қазығұрт", "Жібек жолы", "Қонысбаев" және басқа да шекаралық бекеттерде валютаны заңсыз айырбастаумен айналысатын адамдарға қатысты 40-тан астам тексеру жүргізіліп, ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер өткізілді.

Қазіргі уақытта Түркістан облысының полицейлері кедендік саладағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды жалғастырып жатыр.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті