Бетперде таққан жігіт елордада такси болып, әбден қажып жүрген жалғызбасты ананы қатты қуантты

Сурет: Instagram/chelovekvmaskee
Елордада несиеге алған көлігімен такси болып жүрген, сөйтіп жалдап жатқан пәтерінің ақысын төлеп, сондай-ақ сал ауруына және эпилепсияға шалдыққан кіші ұлын үнемі емдететін үш балалы жалғызбасты ана кенеттен тосын сыйға кеңелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана іргесінде үш баласымен пәтер жалдап, такси болып күн көретін ананың 8 жастағы кіші ұлы өздігінен жүре алмайды, сөйлемейді.  Сондықтан оны үнемі массажға апарып отыру қажет. Пәтер жалдау ақысы мен тамақтан артылған ақшасына анасы баласының оңалту курстарына жұмсайды.  Ал такси болғанда ол дімкәс баласын қасына алып жүруге мәжбүр екен.

"Қала сыртында пәтер жалдап тұрамыз, жедел жәрдем көбіне тез келе бемейді, сондықтан 7 жылға несиеге көлік сатып алдым. Бұлай такси жүргізгім келмейді, мұндай өмір тіпті, ер адамдарға да қиын. Әбден шаршадым. Кейде өмір сүргім келмей кетеді", - дейді әйел көзіне жас алып.

Оны тыңғылықты тыңдаған қайырымды жан Алланың қалауымен өзінің оған көмекке келгенін айтады.  


"Бұл ақшаға балаң екеуіңіз емделуге барасыз, қалаған ісіңізді ашасыз, көліктің несиесін жабасыз. Одан соң ... Сіз үйлі болдыңыз", деген ол баспана кілті мен конверт толы ақшаны көңілі қам әйелдің қолына ұстатты.

Есі шыққан әйел көз жасына ерік берді.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді