Ақмола облысында жоғалған жігіттің денесі даладан табылды

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысы Біржан сал ауданының із-түзсіз жоғалып кеткен 24 жастағы тұрғынның мәйіті жазық даладан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 жастағы мүгедек жігіттің жоғалғаны туралы хабар полицияға 19 қараша күні түскен. Кейін оның 14 қарашада жоғалғаны белгілі болды. Осы аралықта жігіттің туыстары оны өз бетінше табуға тырысқан. 

Ата-анасының сөзінше, бұған дейін баласы көрші ауылдағы туыстарына жаяулатып жиі барып жүрген, бірақ бұл жолы туыстарына жете алмады. 

"Дереу іздестіру шаралары ұйымдастырылып, полиция қызметкерлері, еріктілер мен жанашыр азаматтардан арнайы топтар құрылды. Іздестіру топтары орманды әрі далалы алқаптарды, жақын маңдағы елді мекендерді аралап шықты. Аумақты кеңірек қамту үшін дрондар мен қызметтік көліктер пайдаланылды", - делінген полиция департаменті мәліметінде. 

30 қарашада полицейлер жоғалған адамның денесін жазық даладан тапты. Алдын ала себеп ретінде аталған ер адам үсіп өлуі мүмкін екені айтылып отыр. Нақты себебі сараптамадан кейін белгілі болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді