"Бурабай" ұлттық паркі қазақстандықтарға үндеу жасады

Сурет: wikimedia/Казбеков Нуржан
1 желтоқсаннан бастап "Бурабай" МҰТП орман инспекторлары қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу фактілерінің жолын алдын-алу мақсатында, күшейтілген патрульдеуге көшеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәулік бойы жедел кезекшілік жаңа жылдық мерекелерге дейін жүргізіледі.

Саябақ әкімшілігі еске салады:

"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 381-1 бабына сейкес, "заңсыз кесілген ағаштарды, көлік құралдарын және аталған бұзушылықтарды жасау құралы болып табылған бұзушының өзге де заттарын тәркілей отырып, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру – жеке тұлғаларға – 30 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің немесе коммерциялық емес ұйымдардың лауазымды адамдарына — 70 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 90 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатының ескертеміз".

Бұдан басқа, бұзушы қылқан жапырақты ағаштардың әрбір ағашын бүлдіргені немесе жойғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде ("ҚР орман заңнамасын бұзумен келтірілген зиян мөлшерін есептеу үшін базалық ставкаларды бекіту туралы" ҚР ЭӘДМ-нің 22.09.2023 жылғы № 265 бұйрығы негізінде) залал төлеуге мәжбүр болады.

Сондай-ақ, егер орман қорына келтірілген залалдың мөлшері 50 АЕК-тен асса, материалдар қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына беріледі.

Ведомство азаматтарды орман ресурстарын қорғауға және белгіленген ережелерді сақтауға шақырды.

Бұған дейін 2024 жылы Аяз ата мен Ақшақардың қызметтері қымбаттағаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі