Сәтсіз демалыс: Түркістан облысында 40 туристті алдап кеткен

Фото: unsplash
Түркістандықтар туристік агенттіктердің қызмет көрсету сапасына наразы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Astana TV ақпараты бойынша, 2024 жылдың 11 айында өңірдің сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне осындай 40-тан астам өтініш келіп түскен.

Мәселен, соңғы жайттың бірі — Дубайдағы көптен күткен демалысқа бір күн қалғанда жергілікті тұрғын оның тур бағыты тоқтатылғанын білген. Алайда, агенттік клиентке әртүрлі сылтаулар айтып, ақшасын қайтарудан бас тартқан. Осылайша азамат бірден құзырлы мекемеге жүгініп, қааражатын қайтарып алған.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 8-1-бабында, шартты орындамау тұтынушының құқықтарын бұзу болып табылатындығы айқын көрсетілген.

Түркістан облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті келіп түскен 40 өтініштің 25-і құқықтық және заң көмегін шешілген. Қалпына келтірілген тұтынушылық құқықтардың жалпы сомасы 3 млн теңгеден асты.

Департамент өкілінің айтуынша, қалған шағымдар құқық қорғау органдарына жіберілген. Өтініштердегі негізгі талаптар турлардың жойылуына, сапасыз қызмет көрсетуге және келісімде көрсетілген жағдайға сәйкес келмеуге қатысты болды.

Бұған дейін алаяқтар қазақстандықтардың 100 миллион теңгеден астам ақшасын жымқырғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады