Астанада пластик терезе орнатамын деп алдаған алаяқ ұсталды

Сурет: pixabay
Астанада тұрғындарға пластик терезе орнатуды ұсынып, сенімге кіріп, алаяқтық жасаған азамат қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Анықталғандай, ол бұған дейін пластик терезе орнатумен айналысатын кәсіпорында жұмыс істеген. Кәсіпорын жабылғаннан кейін, бұл азамат бұрынғы кәсібінен заңсыз пайда табуды жалғастыруды шешкен.

OLX платформасына терезе орнату туралы хабарландыру орналастырып, оның өтірігіне шамамен 15 адам алданған. Әр клиентке келіп, қажетті өлшемдерді алып, алдын ала төлем сұраған соң, ізін суытқан.

Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктіні қолға түсірді. Ол – 32 жастағы азамат, жалпы алданған қаражат көлемі шамамен 3 миллион теңгені құрайды. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырып, бейтаныс адамдарға алдын ала төлем жасаудан бас тартуды ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды

АӘК тағайындау қағидалары: 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді