Елімізде әрбір екінші адам телефон алаяқтарының құрығына түседі

Фото: freepik
Мұндай деректі арнайы зерттеу жүргізген "Касперский Зертханасы" ұйымы келтірді. Алаяқтықтың схемасы мен түрі де түрленіп барады.

Әсіресе, соңғы уақытта адамдарға "Қазпошта", коммуналдық мекемелер, ұялы байланыс операторларының атынан хабарласушылар көбейген.

Олар адамның әбден сеніміне кіріп, SMS код сұрайды. Осылайша, барлық жеке мәліметке қанық болады. Сондай-ақ, биыл өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелерінің 30 пайыздан астамына кибер шабуыл жасалған, деп жазады qazaqstan.tv.

Зерттеулерге сүйенсек, жыл басынан бері 6 миллионға жуық фишингтік сайттарға тосқауыл қойылған. Оның 861 мыңнан астамы – скам-алаяқтық дейді мамандар.

"Өнеркәсіптік кәсіпорындар ерекше қорғауды қажет етеді. Технологиялар қарыштап дамыған сайын, әлемдегі кибер шабуылдардың саны артып, жыл сайын күрделеніп барады. Залалды азайту үшін желіні сегменттеп, корпоративтік инфрақұрылымның қауіпсіздігінің қамтамасыз ететін кешенді шешімдерді енгізген жөн." Валерий Зубанов, "Касперский зертханасының" Орталық Азиядағы атқарушы директоры
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев