Түркістан облысында тағы 30-ға жуық ауыл ішімдіктен бас тартты

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында "Ішімдіксіз ауыл" жобасына 30-ға тарта ауыл қолдау білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтсақ, Ордабасы мен Мақтаарал ауданында бес ауыл, Келесте төрт ауыл, Сайрамда үш ауыл, Қазығұрт, Төлеби, Сауранда екі ауыл, Отырар, Жетісай, Арыста бір ауыл тұрғындары спирттік ішімдік сатудан бас тартқан.

Сауран ауданының Нұртас елдімекенінде 1 835 адам тұрады. Ауылда бір мектеп, екі балабақша бар. Тұрғындарға үш дүкен қызмет етеді.

Ауыл тұрғындары құрт пен майын дайындап, мал шаруашылығымен айналысады. Төрт түлікті тіршілік еткен ауылдың қаймағы бұзылмаған.

Ақсақалдар жастарға үлгі-өнегесін көрсетсе, жастар ауылды көркейту бағытында жұмыс жасап келеді. Мұндағы халық ағаш егу, сенбілікке шығу сынды істерді жасы да, кәрісі де бірлесіп атқаруды дәстүрге айналдырған.


Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстандықтардың киік етіне деген қызығушылығы азайды

Теңге нығайды, әрі қарай не болады: Ұлттық банк қыркүйекке арналған жоспарын жариялады