Пошта жәшіктеріндегі өлім әтірі: қазақстандықтар арасында фейктің жаңа түрі тарауда

Фото: pexels
Қазнетте өлімге әкелетін әтір су туралы ақпарат тарады. Танымал брендтердің қауіпті парфюмериясын пошта жәшіктеріне салып кетеді екен. Бұл ақпараттың жалған екенін мамандар мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake.kz дерегіне сүйенсек, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті пошта жәшіктерінен табылған өмірге қауіпті әтір су туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Олар бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Сурет: Stopfake.kz

"Мұндай хабарлама бұған дейін шетелдерде тараған және жалған",- деп нақтылады мамандар.

Сондай-ақ, бақылау комитеті өнімге, оның ішінде қауіпті болуы ықтимал өнімге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырғандығы жайлы айтылған.

Қорытындылай келе азаматтарға келесідей үндеу жасады.


"Барлық азаматтарды сақ болуға, күмәнді ақпаратқа сенбеуге және ресми дереккөздерден алынған фактілерді басшылыққа алуға шақырамыз", – делінген ҚР ҚСЭК хабарламасында.

Бұған дейін аяқ киімді таңбалау ережелерінде не өзгергені хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

ҚМА барлық қазақстандықтарға шұғыл мәлімдеме жасады