Шымкентте тұрмысы нашар отбасылар газды жеңілдікпен пайдаланатын болды

Фото: pxhere
Шымкент қаласында мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар енді табиғи газды қыс кезінде жеңілдікпен тұтына алады.

Пилоттық жобаның мерзімі 5 ай. Яғни тұрмысы төмен отбасылар санатына жататын азаматтар желтоқсаннан бастап сәуірге дейінгі тұтынған көгілдір отыны үшін жеңілдікке ие болады.

Шымкент қаласының әкімдігі бекіткен нормаларға сәйкес әр абоненттің айына пайдаланған газы 631 текше метрден аспауы керек. Соған сәйкес төлемақының 24 пайызына дейін шегеріледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Жобаға қатысушылар EGOV Mobile қосымшасының басты бетіндегі "Әлеуметтік әмиян" сервисі арқылы мүмкіндігін пайдаланады. Бұл бастама Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаға орай жүзеге асқалы отыр.

"Біздің процесіміз максималды жеңілдетілген, тұтынушыларға оңай болсын деп. Ешқандай толықтыратын құжаттарды қажет етпейді. Тұтынушының есеп шоты болса ғана болды. Соның негізінде ваучер беріліп, жеңілдік берілетін болады азаматтарға." Ержігіт Балқыбеков, "Әлеуметтік әмиян" жобысының менеджері
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі