Алматы қаласының көрмесін Мажарстанда 12 000-нан астам адам тамашалады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Карчаг Кинче" өнер музейінде (Мажарстан) "Қазақстанның көшпенділері: өткені мен бүгіні" атты көрме аяқталды. Экспозицияға қазақ халқының бай тарихи және мәдени мұрасын танытатын 200-ден астам бірегей экспонат қойылды.

Көрмеге келушілерге ұрпақтар сабақтастығының символына айналған Абай Құнанбайұлының домбырасы ұсынылды. Жалпы, көрмені 12 мыңнан астам адам тамашалады.

Жоба үлкен қызығушылық тудырды, бұл Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мәдени алмасудың маңыздылығын көрсетеді.

Бұған дейін осындай көрмелер Түркия, Оңтүстік Корея, Аустрия, Италия және Чехияда өткен. Енді 12 желтоқсанда Сербияда "Ұлы Даланың мәдени мұрасы" атты көрме ашылады.

Жалпы қала әкімі мәдениет саласы өкілдерін дамытуға ықпал ететін тағылымдамаға, білім алуға бағытталған және халықаралық байланысты нығайтуға мүмкіндік жасайтын жобаларға ерекше көңіл бөледі және сала қызметкерлеріне үлкен қолдау көрсетуде.

"Мәселен, музей қызметкерлері әлемнің үздік мәдени орталықтарында, соның ішінде әйгілі Луврда білім алып қайтты", – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Айта кетейік, көрмені Алматы қаласының музейлер бірлестігі Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы