Серік Жұманғарин қысқа мерзімде доллар бағамының өзгеруі өнімнің құнына әсер етпейтінін айтты.
"Мен үлкен баға өзгерістерін күтпеймін. Жаңа жыл қарсағында ажиотаж болады. Бірақ бұл үрдіс жыл сайын қайталанып келеді — оның себебі, сұраныстың артуы. Қазірдің өзінде сұраныс едәуір артқан. Бағаның өсуі — сұраныс пен ұсыныстың көбеюінен болады, бұл заңдылық. Теңгенің долларға бағамының өзгеруі-бұл қысқа мерзімді перспективада өнім бағасына әсер етпейді", — деп атап өтті ол.
Ол доллар бағамы Қазақстандағы көптеген өнімдердің бағасына әсер етпейді деп санайды.
"Мәселен, шеттен әкелінетін экзотикалық жеміс немесе қымбат шарап сатып алатын болсаңыз, әрине баға өседі. Себебі, олар доллармен саудаға түседі. Ал, егер отандық өнімдер алсаңыз, тиісінше доллардың нығаюы да әсер етпейді",- деді ол.
Бұған дейін ЕАЭО мен Моңғолия уақытша сауда келісімін жасасатыны хабарланған болатын.