Жамбыл ауданында бірқатар сала мамандарымен кездесу өтті

Сурет: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Қ.Байгебаев Жамбыл ауданында бірқатар сала мамандарымен кездесулер өткізілді.

Кездесулер білім, мәдениет, денсаулық сақтау салалары, сондай-ақ квазимемлекеттік мекеме қызметкерлерімен, сондай-ақ аудан кәсіпкерлерімен өткізілді. Іс-шаралар барысында білім, денсаулық сақтау салаларына жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері, осы салаларда кездесетін жемқорлық тәуекелдері және олардың алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы айтылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасындағы міндеттер, жемқорлық әрекеттер, пара беру, пара алу үшін заңмен қарастырылатын жауапкершілік, заңсыз әрекеттерге жол бермеу, оған қарсы пәрменді шаралар қабылдау туралы айтылды.

Сондай-ақ, "Бизнеске жол" жобасы аясында әкімшілік кедергілерді жою және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, кездесуге қатысқан бизнес өкілдеріне мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттерге тап болған жағдайда құзырлы органдарға хабарлау керектігі айтылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз