БҚО-да тағы да бір медициналық нысан іске қосылды

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданына қарасты Ащысай ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті халық игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында  салынған жаңа нысанның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов  қатысты.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

"Президенттің бастамасымен "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдары аралығында осындай 50 нысан салынып, ел игілігіне берілмек.  Ауылдық елді-мекендерде тұратын азаматтардың өмір сүру сапасын арттырып, сапалы медициналық көмек көрсету -  басты мақсатымыз. Ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауда, алғашқы көмек көрсетуде фельдшерлік-акушерлік пункт маңызды рөл атқарады. Енді Ащысай ауылының тұрғындары да медициналық көмекті уақытылы және қолайлы жағдайда ала алады", - деді облыс әкімінің орынбасары.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңадан бой көтерген медициналық нысан заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Айта кетейік, жыл соңына дейін өңірде 20-ға жуық денсаулық сақтау ғимараттары ашылмақ. Бұл ауылдардағы медициналық қызметтің сапасын арттырып, медициналық мекемелердің инфрақұрылымын жаңарту және сапалы медициналық көмек көрсетуге  үлкен қолдау болмақ.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды