Талғарға жаңа әкім сайланды

Сурет: Instagram/talgarturgynui
Талғарда 2024 жылдың 15 желтоқсанында өткен жаңа қала әкімін сайлаудың қорытындысы шығарылды. Дауыс беру нәтижесінде бұл қызметті Арыстанбек Әбілқайырұлы атқаратын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талғар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, Арыстанбек Әбілқайырұлына 9071 сайлаушы дауыс берген.

"Сайлаушылар тізіміне барлығы 42 774 адам енгізілді, оның 12 875-і дауыс берді. Қала әкімі лауазымына үміткер Жәнібек Кәденов 1 875, Әлібек Рамазанов 1 140 дауыс жинады. 182 сайлаушы барлығына қарсы дауыс берді", — делінген хабарламада.

Арыстанбек Әбілқайырұлы 1983 жылы дүниеге келген. "Талғар Тұрғын үй" ЖШС директоры, Талғар қаласының тұрғыны.

2024 жылдың 4 қазанына қараған түні Талғарда жаппай төбелес болып, оның барысында 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан қаза тапты. Бұл қоғамдық наразылық тудырды. Бірқатар отставкалар мен жұмыстан босатулар болды. Атап айтқанда, Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық, сондай-ақ Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев "өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін" орындарынан айырылды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі