Алматыда Тәуелсіздік күніне орай Көктөбе телемұнарасында құттықтау жарық шоуы көрсетілді

Сурет: видео скрині
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай әйгілі Көктөбе телемұнарасында құттықтау жарық шоуы көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кешке қала тұрғындары мен қонақтары тәуелсіз мемлекеттің басты атрибуттарын: Туды, Елтаңбаны, Әнұранды, сондай-ақ Алтын Адам қасиетті символын тамашалады.

Еске салайық, 16 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді