Алматыда бірден екі құрылыс нысаны бұзылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда сот шешімі бойынша екі тұрғын үй бұзылады. Бұл Нұр - Алатау шағын ауданы К. Тауасарлұлы көшесі, 71/21 мекенжайдағы бір учаскеде орналасқан 3 қабатты үйлер.

Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасынан хабарлады.

Жоспардан тыс тексеру барысында рұқсат беру құжаттарының толық пакетінің жоқтығы анықталды, нәтижесінде меншік иелеріне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Көп ұзамай басқарма Бостандық аудандық сотына нысандарды бұзу туралы талап арыз берді. 2023 жылдың 29 қыркүйегінде сот екі үйді бұзу туралы шешім қабылдады. 2024 жылғы 31 қаңтарда Алматы сотының қаулысымен аудандық соттың шешімі өзгеріссіз қалды.

Кейін сот шешімі әділет департаментіне келіп түсті, онда атқарушылық іс қозғалды.

Бөлшектеуді меншік иелері сот орындаушыларының қатысуымен ерікті түрде бастайды.

Айта кетейік, Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 62 құрылыс нысаны, оның ішінде "Мечта", "KHAN", "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін