Алматылықтарды Жаңа жыл қарсаңында таңғаларлық отшашу күтеді

Фото: pexels
Көптен күткен мерекеге небәрі екі аптадан аз уақыт қалды. Алматылықтарды мереке қарсаңында түрлі отшашулар қуантпақ, ал шыршаны жағу рәсімі бүгін, 2024 жылғы 20 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет басқармасының мәліметінше, жаңа жыл қарсаңында демеушілер есебінен отшашу 2024 жылдың 31 желтоқсанынан 2025 жылдың 1 қаңтарына қараған түні сағат 00:00-де өтеді.

Мерекелік отшашу Астана алаңында өтеді.

Бұған дейін 2024 жылдың 20 желтоқсанында Алматыдағы барлық 80 шыршаның шамдары 19:00-де жағылатындығы, ал Бас шыршаның шамын жағу рәсімі Абай атындағы алаңда өтетіндігі хабарланған болатын.

Шырша шамдарын жағу рәсіміне дейін, сағат 18:00-де Абай алаңындағы Республика Сарайының алдында "Алматының 8 кереметі: отбасылық мереке — таңғажайып Жаңа жыл" атты ауқымды шоу басталады. Іс-шарада Роза Рымбаева, Тұрар, Балжан Бидаш, "Альфа" тобы, Динара, Назым Әділдина, Мәди Рымбаев, Dakelot, "Астра" тобы, Adill және Malika Yes және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді (кіру тегін).

Абай алаңына келген қала тұрғындары мен қонақтарын Күлбике күймесі, Зімбір адам және басқа да ертегі кейіпкерлері қарсы алады. Ірі әрі жарқын фотозоналар, жарқыраған субұрқақтар және басқа да инсталляциялар халыққа ерекше мерекелік атмосфера сыйлайды. Іс-шараға келген қонақтар естелік фотосурет жасап, жаңа жылдық бейне түсіре алады.

Айта кетейік, Алматыны Жаңа жыл мерекесіне сай безендіруге 800 миллион теңге жұмсалады

Алматы
Қазақстан
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды