Қар, көктайғақ және жел: 21 желтоқсаннан бастап ауа-райы күрт құбылады

Фото: unsplash
Синоптиктер алдағы үш тәулікке – 2024 жылғы 21-23 желтоқсанға Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, еліміздің басым бөлігінде қар күтілуде. 

"21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді-қар, бұрқасын және екпінді жел күтіледі. Тек еліміздің батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. 21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қатты қар күтіледі". Қазгидромет РМК

Тек, 23 желтоқсанға жақын, Батыс антициклонының жылжуымен еліміздің оңтүстігінде ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

"Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді".Қазгидромет РМК

Бұған дейін алматылықтарды Жаңа жыл қарсаңында таңғаларлық отшашу күтіп тұрғаны хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі