300 студент жасқа зорлық-зомбылықтың алдын алу жолы түсіндірілді

Сурет: Түркістан облысының Полиция департаменті
Түркістан облысы Арыс аудандық полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Қуатовтың қатысуымен жастармен кездесу өтті.

Соңғы уақытта елімізде белең алып отырған оқиғаларға орай туындап отырған бұл кездесудің маңыздылығы осы жиында айтылып, әкім орынбасары Рысдаулет Айтбаевтың баяндамасына ұласты.

300 студентті қамтыған бұл шараға 40-тан астам психолог қатысты. Қазіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Баяндамаларды тыңдай келе жиынға қатысқан ардагерлер, әжелер кеңесінің мүшелері және психологтар көкейдегі сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар әсерлі ой саларлық қойылым көрсетіліп, кездесуге қатысушылар бала тәрбиесіндегі мұғалімдерден бөлек, ата-аналардың да рөлі жоғары екендігін сезінді.

Өз кезегінде полицейлер құқықтардың сақталуы мен қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі басты міндет екендігін атап өтті.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді

Қазақстанда полиция атынан жалған айыппұл жіберу деректері көбейген