Кадр саласының полицейлері біліктіліктерін арттыру курсынан өтті

Сурет: Түркістан облысының Полиция департаменті
ҚР Мемлекеттік басқару Академиясы Түркістан облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен облыстық әкімдік ғимаратында "Парасатты мемлекеттік қызмет: Әділдік. Ашықтық. Әдеп" тақырыбында семинар сабағы өтті.

Оған Полиция департаментінің кадр саласының басшы құрамы, инспекторлары мен психологтары қатысып, біліктіліктерін арттырды.

Спикер ретінде "Түркістан адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Н.Абуова, тренер-коуч Г.Кожахметова, "Түркістан Медиа-холдинг" ЖШС маркетинг директоры С.Сүлей қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Яғни полицейлерге адамдарға бағдарланған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша практикалық дағдылар мен құзыреттіліктерді дамыту шараларын жеткізді. Оның ішінде нәтижеге бағдарлану, тиімді коммуникациялар құру, өзін-өзі дамыту, жеделдік сынды қасиеттерді кеңінен қолдануға шақырды.

Семинарда сыни ойлау дағдылары, стресс менеджмент, парасаттылық, әділдік және адалдық, қазіргі әлеуметтік экономикалық тәуекелдер, қаржылық сауаттылық, эмоционалдық интеллект тақырыптарында сабақтар өтіп, тәжірибе алмасу орын алды. Жиын соңында қатысушы 25 полицейге арнайы сертификат табысталды.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері бүгінгі күннің талабына сай білім берген спикерлерге, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Алдағы уақытта алған білімдерін жүзеге асырып, халыққа сапалы қызмет көрсететіндіктерін жеткізді.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды