Ақтаудағы ұшақ апаты: Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады

Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия Ақтауға келіп, төтенше жағдай орын болған жерге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанат Бозымбаев ауруханаға жеткізілген зардап шеккендерге барып, шетелдік әріптестерімен кездесуді, сондай-ақ штаб отырысын өткізуді жоспарлап отыр. 

Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі

Барлық төтенше жағдайлар қызметтері, криминалист-эксперттер, прокуратура органдары төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, Бакуден Грозныйға ұшқан Әзірбайжан әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы 2024 жылы 25 желтоқсанда таңертең Ақтау маңында апатқа ұшырады.

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев ұшақ апатына байланысты Ресейге сапарын тоқтатып, жағдайды жеке бақылауына алды.

Кейінірек Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ салонында түсірілген кадрлар тарады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?