Астаналық әйел жеңгетайлық жасап миллиардер атанды

Фото: pexels
ҚМА Астаналық департаменті боди массаж түрінде жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырып, қылмыстық кірістерді заңдастыру арқылы алынған схеманы анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚМА-ның 2024 жылғы 26 желтоқсандағы ақпаратына сүйенсек, 2021-2023 жылдар аралығында Астана тұрғыны жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, 2 миллиард теңге қылмыстық табыс алған.

"Follow the money (ақшаны қадағалаңыз) параллельді қаржылық тергеу күдіктінің шоттарына туыстары мен сенімді тұлғаларының банктік деректемелерін пайдалана отырып, заңдастырудың күрделі схемалары арқылы түскен барлық қылмыстық табысты анықтауға мүмкіндік берді. Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында күдікті өз атына ЖШС тіркеп, ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алып, қайта сатқан. Осылайша, ол 88,5 миллион теңгені заңдастырып, 95 миллион теңге қылмыстық табысқа қол жеткізген",- деп мәлімдеді ведомство.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа күдікті:

Сонымен қатар, тінту кезінде 50 млн теңге мен бағалы зергерлік бұйымдар табылып, оларға тыйым салынды.

"Тергеудің басталғанын білген күдікті тәркілеуден жалтару үшін 5 екі бөлмелі пәтерді 143,5 миллион теңгеге қайта сатып 51,5 миллион теңге қосымша қылмыстық табыс тапқан". ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Сот үкімімен ол жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін (ҚР ҚК 309-бап, 218-бап 3-тармағы) 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлікі мен пәтерлерді сату арқылы алынған ақшасы тәркіленді.

Тергеу нәтижесінде қылмыстық жолмен тапқан 2 миллиард теңгеден асатын қаражатқа сатып алынған барлық мүлік пен сол мүліктен түскен кірістері анықталып, тәркіленді.

Сонымен қатар, пәтерлердің иелері туралы жалған куәлік берген бала күтімі бойынша жалданған қызметкерге қатысты тергеу басталды.

Бұған дейін ШҚО-да балалар үйінің түлегі әкімдіктен өз баспанасын қайтарып алғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды