Құтқарушылар Ақтауда ұшақ құлаған жерден тағы бір видео жариялады

Сурет: видео скрині
№12 өрт сөндіру бөлімінің командирі аға сержант Серіболат Оңғар Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге құтқарушылардың қалай көмек көрсеткені туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға болған күні құтқарушылар төтенше жағдай туралы хабар түсе салысымен дереу әрекет еткен.

"Ұшақтың құлауына байланысты шақырту түскеннен бастап оқиға орнына тез арада жетіп, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірістік. Біздің ең басты міндетіміз өртті сөндіру болды. Жауынгерлік қанат жайып, ұшақтағы өртті толықтай сөндірдік. Зардап шеккендерді құтқару жұмыстарын жүргізіп, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне көмектестік. Өзімізге жүктелген міндеттерді толықтай орындадық. Бұл оқиғаны сөзбен жеткізу мүмкін емес", - деді Серіболат Оңғар.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағында қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына сабыр тіледі. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді