"Өзгелер үшін өз жанын пида еткен, әкешім менің". Желіде жантебірентерлік жазба жарияланды

Сурет: видеодан алынды
Ақтау әуежайы маңында апатқа ұшыраған әзірбайжандық Embraer жолаушылар ұшағының ұшқышы Игорь Кшнякиннің қызы желіде жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазба Дарья Кшнякинаның Tik Tok-тағы жеке аккаунтында пайда болды. 

"Әкем менің, қаһарманым менің, жүрегім менің. Өзгелерді аман алып қалу үшін өз жанын пида еткен, жаным менің. Қолыңнан келгеннің бәрін істегеніне көп куә. Қалай мақтанбаймын мен енді өзіңізбен? Жүрек жұтқан ер едің, бізді әрдайым мәз етуге, бақытты етуге тырысатын көңілі жайсаң әке едің. Осындай мықты жан болып мәңгіге жадымызда сақталып қаласың, әкешім!",  деп жергілікті Media.az Дарьяның жазбасын келтіреді.

Қайғылы оқиға 25 желтоқсанда түсте болды. Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады. Соңғы ақпарат бойынша, 67 адамның 29-ы аман қалды, 38 жолаушы қаза тапты, олардың ішінде ұшақ экипажы да бар.  Ұшақта Қазақстанның алты азаматы болғаны белгілі болды, өкінішке қарай олардың барлығы мерт болды. Экипаж ұшақты Грозныйда да, Ақтауда да екі реттен қондыруға әрекет жасағаны белгілі.

Ақтауда ұшақ апатқа ұшырады

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды