2025 жылы Алматыда қай жолайырықтар мен көшелер салынып бітетіні белгілі болды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, биыл қалада Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы, сондай-ақ Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін және Абай даңғылын қаланың шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аяқталады.

Мамыр айында Абай даңғылын Б.Момышұлы көшесінен қаланың шекарасына дейін ұзарту жобасы іске қосылады. Ұзындығы 5,3 км болатын бұл алты жолақты жолдың екі жағында да веложолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары қарастырылған.

Жазда Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін ұзарту жұмыстары аяқталады. Ұзындығы 3,2 км болатын бұл жолдың арқасында Момышұлы көшесіндегі көлік жүктемесі 40%-ға төмендейді.

Маусым айында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы жолайырықтың құрылысын және оған іргелес аумақты көркейту жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті