2025 жылы Алматыдағы ботаникалық бақтың жұмысына қандай өзгеріс енгізілді

Сурет: pxhere
Алматыдағы ботаникалық бақтың әкімшіліні мәлімдеме жасады. Оған сүйенсек, бақ 2025 жылдың 6 қаңтарында жабық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бақтың Instagram парақшасынан 5 қаңтарда белгілі болды.

"Ботаникалық бақ 6 қаңтарда жабылатынын хабарлаймыз.Аумақ жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалатындығы атап өтілді.

"Ботаникалық бақ күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс жасайды. Кассалар 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30".Ботаникалық бақ баспасөз қызметі

Бұған дейін қазақ киносының даму стратегиясына кімдер қатысатындығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді