Су тасқыны кезеңіне дайындық: Елімізде негізгі су қоймаларындағы су көлемі азайып келеді

Фото: primeminister.kz
Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізуде. Бүгінде су қоймаларында қажетті сыйымдылық көлемін дайындау жүргізіліп жатыр.

Ведомствоның мәліметі бойынша, Астана су қоймасындағы су көлемі 83%-ға дейін төмендетілді: 2024 жылдың 20 желтоқсанынан 2025 жылдың 3 қаңтарына дейін шамамен 5,1 млн м3 су жіберілді. Министрлік 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін қоймадағы су көлемін 300 млн м3 немесе 73%-ға дейін азайтуды жоспарлап отыр.

Ақтөбе су қоймасында шамамен 51 млн м3 су бар. 1 сәуірге дейін су көлемін 47,3 млн м3 деңгейіне азайту жоспарланып отыр. Ал Батыс Қазақстан облысы Бітік қоймасындағы су көлемі 34,4 млн м3 дейін төмендетілді. Бүгінгі таңда су қоймасынан секундына 8,3 м3 су жіберіліп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы 79%-ға толы. Министрлік 1 сәуірге дейін қоймадағы су көлемін тағы 8%-ға азайтуға ниетті. Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында 69 млн м3 су бар. Көктемде тасқын су қабылдау үшін су қоймасын 39%-ға дейін босату жоспарланып отыр.

Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасындағы су көлемі 86%-ға төмендетілді. Көктемге дейін тағы 11%-ға жуық су жіберу жоспарланған. Қостанай облысындағы Жоғарғы Тобыл су қоймасында 585,4 млн м3 су бар. Су қоймасының жұмыс режиміне сәйкес, 1 сәуірге дейін су көлемін 499,37 млн м3 немесе 61%-ға дейін азайту күтілуде.

"Көктемде тасқын суды резервуарларда жинап қана қоймай, көлдер жүйесіне, табиғи жайылымдар мен шабындықтарға бағыттау өте маңызды. Сол себепті суды тиімді бөлу жұмысын алдын ала жоспарлау қажет. Биыл шаруалар мен басқа да су пайдаланушылардың сұранысы толық қанағаттандырылды. Өткен суару кезеңінде еліміздің шаруа қожалықтарына шамамен 11 млрд м3 су берілді. Бұдан бөлек үлкен және шағын су айдындарын сақтау және қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды", — деп атап өтті су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Қазақстан
Нұржігітов Нұржан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты