Тексеру барысында 51 ақау анықталып, кемшіліктерді жоюға 35 ұйғарым берілді.
"Жолдарды күтіп ұстау, темір жол өтпелеріне тиісті назар аудару және жол инфрақұрылымына қатысты талаптарды орындамау деректері бойынша 5 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына айыппұл салынып, анықталған ақауларды жою міндеттелді", – деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаменті.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл іс-шаралар өңірдегі жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, сондай-ақ жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендетуге бағытталған.
""Заң және тәртіп" қағидаты – ішкі істер органдары қызметінің негізгі өзегі. Бұл қағида азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қолдауға негізделген. Тәртіп бұзушылар міндетті түрде өз әрекеттері үшін жауап береді", – деп атап өтті полиция қызметкерлері.