Павлодарда полицейлер айыппұлын төлемеген екі жүргізушіні анықтады

Фото: pexels
Полиция қызметкерлері шетелдік нөмірлі Toyota көлігін тоқтатты, оны 42 жастағы ер адам жүргізді. Тексеру барысында жүргізушінің жол ережесін бұзғаны анықталды – үш айда оған 13 айыппұл салынған. Айыппұлдар төленбеген.

Тағы бір жағдайда, Палодар – Атамекен автожолында "Кибер Шериф" автопатрульімен BMW көлігі тоқтатылды, оның жүргізушісі облыс аумағында жылдамдық режимін жүйелі түрде бұзған.

Оның шамамен 200 мың теңге сомасында жеті әкімшілік айыппұлы бар. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.

"Павлодар облысының аумағында жасалған жол қозғалысы ережелерінің барлық бұзушылығы тіркеу жүйелері арқылы тіркеледі. Егер автокөлікте шетелдік нөмірлік белгілер болса, полиция қызметкерлері оларды тіркеу үшін арнайы бағдарлар жасайды. Бұл ақпарат полицияның барлық бөлімшелері мен бекеттеріне жіберіледі. Құқық бұзушы анықталған жағдайда, алдын алу шаралары қабылданады", – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

"Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін жауапқа тартылады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Пробация инспекторлары ес-түссіз жатқан сотталған азаматтың өмірін сақтап қалды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен: Алматы облысындағы ХҚКО қызметкеріне қатысты дау