Өскеменді тағы қою тұман басты

Фото: pixabay
Өскеменді кешеден бері тағы тұман аралас түтін басты. "Қазгидромет" орталығы қалада екінші қолайсыз метеорологиялық жағдайдың қалыптасқанын хабарлады.

Ауадағы зиянды заттардың қандай түрі және ол шекті мөлшерден қанша есеге көп екені бірден анықталады. Ол үшін тек Өскеменнің өзінде "Қазгидромет" орталығының 11 зертханасы үнемі онлайн жұмыс істеп тұр.

Оған қоса экология департаменті мамандары да арнайы құрылғымен қаланың әр аумағындағы ауа құрамын зерттеп, нәтижесін бірден жариялайды. Мәселен қаңтардың 12-сі күні көміртегі тотығы шекті мөлшерден 1,7 есеге артқан.

Бұл — өте жоғары көрсеткіш. Ал кешеден бері күкіртті сутегі 2 есе, көміртегі тотығы 1,2 есе, күкірт диоксиді 1,1 есеге көбейген, деп жазады qazaqstan.tv.

Мұндай химиялық элменттер әрине ауыр өндірістер мен жылыту орталықтарынан бөлінеді. Оған жеке үйлерден шығатын көмірдің түтіні қосылып тұрғындардың тынысын тіпті тарылтып жібереді.

Сондықтан дәрігерлер ауа ластанған күндері өскемендіктерге далаға көп шықпауды ескертеді. Ал өткен түнде облыстағы солтүстік 6 ауданда қатты аяз болды.

Арқыраған аяздың күші қайтпағандықтан бастауыш сынып оқушылары онлайн оқып жатыр.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі тағайындалды