Павлодарлық жүргізуші бірнеше минут ішінде 3 рет жол ережесін өрескел бұзған

Фото: Zakon.kz
Павлодар қаласында Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі бірнеше минут ішінде жол қозғалысы ережелерін үш рет өрескел бұзған.

Толстой және Едіге би көшелерінің қиылысында жүргізуші бағдаршамның жасыл сигналын күтпей, алдындағы көлікті айналып өту үшін қарсы жолаққа шықты.

Алайда маневр аяқталғаннан кейін де тоқтамай, қызыл түске өтіп, қозғалысты жалғастырды.

"Жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзғаны, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтуі және апаттық жағдай туғызғаны үшін жауапқа тартылды. Жиналған материалдар сотқа жіберілді", – дейді Полиция департаменті.

"Заң және тәртіп" қағидаты – ішкі істер органдарының басты ұстанымы. Бұл қағида азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Құқық бұзушылар міндетті түрде өз әрекеттері үшін жауап береді. Қызылға асықпайық! Қауіпсіздік – басты құндылық.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады