БҚО-да тұмаудың түрлері өршіп тұр

Фото: pixabay
Батыс Қазақстан облысында 5 адамнан метапневмовирус анықталды. Тағы 61 адам шошқа тұмауына шалдыққан.

Соңғы аптада тағы 3 адамнан осы вирус анықталды. Олардың біреуі 5 жастағы бала қазір Бәйтерек аудандық ауруханасында ем алып жатыр. Ал 20 жастағы ер адам мен 46 жастағы әйел осы біз тұрған облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен, деп жазады qazaqstan.tv.

Дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары орташа ауыр. Барлық ем-шара жасалып жатыр. Сондай-ақ өңірде 61 адам "шошқа тұмауына" шалдыққан. Медициналық атауы H1N1 деп аталатын жұқпалы ауру да тұмаудың кең таралған бір түрі.

"Метапневмовирус болсын, басқа да айтып өткен аденовирус, боковирус, т.б. барлығы да жіті респираторлы жұқпаның түрлері. Клиникалық белгілері де бірдей басталады. Яғни әлсіздік, мұрыннан су кету және құрғақ жөтел, содан кейін ылғалдыға айналады. Жедел респираторлық вирусты инфекцияның таралуына жол бермеу үшін өздігіңізден емделмеуіңізді сұраймыз." Нұрлыбек Мұстаев, БҚО санэпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары

Бұған қоса 11 тұрғыннан коронавирус анықталған. Эпидемиологиялық кезең басталғалы бері, яғни 1 қазаннан бастап 72 мыңға жуық адам тұмау тәріздес түрлі вирусты жұқтырған. Олардың 50 мыңы — бала.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан мен Черногория сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді