Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Көлік министрлігінің жаңа мәлімдемесі

Сурет: ҚР ТЖМ
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде пайда болған Ақтау маңындағы ұшақ апаты туралы түрлі нұсқаларға жауап берді. Сондықтан 2025 жылдың 16 қаңтарында агенттік жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Көлік министрлігіне қарасты авиациялық оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы Комиссиясының жұмысы жалғасуда.

Алдын ала есеп жарияланғанға дейін Комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді.

Естеріңізге сала кетейік, Комиссия ҚР заңнамасының талаптарына және ИКАО-ның 13-қосымшасының талаптарына сәйкес алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады.

Бір күн бұрын, 15 қаңтарда Көлік министрлігі Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзірбайжан ұшағының қара жәшіктерінің стенограммасы Қазақстанға әкелінгенін хабарлады.

Еске салайық, әуе апатын тергеуді Қазақстан ИКАО конвенциясына сәйкес жүргізіп жатыр. Жұмысқа Әзірбайжан, Ресей мамандары, халықаралық сарапшылар мен Embraer өкілдері қатысуда.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз