Аида Балаева зиялы қауымды президент айқындаған құндылықтарды насихаттауға шақырды

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың 16 қаңтарында, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес, 2024 жылы мемлекеттік стипендияға 75 адам ие болды.

Аида Балаева стипендия иегерлерін құттықтап, олардың қазақ мәдениетін дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті. Министр шығармашылық зиялы қауым мәдени бірегейлікті сақтау, ел бірлігін нығайту және ұлттық құндылықтарды насихаттау ісінде маңызды рөл атқаратынын айтты.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

"Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлттық руханият туралы үнемі айтып, оның елдік жолындағы орасан күші мен мол мүмкіндіктеріне қоғамның назарын аударып жүргені мәлім. Жылдағы халыққа арнаған Жолдаулары, Ұлттық Құрылтайдағы бастамалары, түрлі сұқбаттарының өзегінде – Тәуелсіздік пен Отаншылдық, Бірлік пен Ынтымақ, Әділдік пен Жауапкершілік, Заң мен Тәртіп, Жасампаздық пен Жаңашылдық сияқты бүгінгі Қазақстанға ауадай қажет құндылықтар жатыр! Халықты бірлікке шақыру, татулықты нығайту, жас ұрпаққа ізгі құндылықтарды сіңіру – міне, бұл сіз бен біздің, яғни, зиялы орта мен мемлекеттің ортақ мүддесі", – деді министр.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Аида Балаева Мемлекет басшысының барлық бастамалары ең алдымен ұлт бірлігін қалыптастыруға, мемлекетті нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

"Елдіктің мәртебесін арттыруда өздеріңіздей мәдениет майталмандарына, шығармашыл қауым өкілдеріне жүктелер міндеттің де ауқымы зор. Әрине, осы жолда зиялы қауым өкілдері Президентімізге тірек болып, қашанда қолдау білдіретіндігіне күмәніміз жоқ. Ең бастысы – осы игі бағытта жұдырықтай жұмылып, ел мүддесі үшін аянбай қызмет ету. Мемлекет өз тарапынан мәдениет майталмандарының шығармашылығын қолдауды жүйелі түрде жалғастыра береді", – деді министр.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Стипендия иегерлері қатарында Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Иранбек Оразбаев, Нұрғали Нүсіпжан, Тұңғышбай Жаманқұлов, Меруерт Өтекешева, Амандос Ақанаев, Дулат Исабеков, Төлен Әбдікұлы, Татьяна Тарская, Гульвер Разиева және басқа да көрнекті мәдениет қайраткерлері бар.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Балаева Аида

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті