Шыршаны безендіру кезінде мертіккен мектеп мұғалімі: еңбек инспекциясы тексерісті аяқтады

Фото: Zakon.kz
Семейде орталық алаңдағы шыршаны безендіру кезінде мертіккен мектеп мұғалімінің ісіне қатысты тексеріс аяқталды. Еңбек инспекциясы қорытынды шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Semei" телеарнасының ақпаратынша, комессия бұл жазатайым оқиғаның жұмыс берушінің, яғни мектеп директорының тапсырмасы бойынша орындалғанын растады.

"Бұл жерде кінә 100% жұмыс берушінікі. Қуат Айтқалиевтің кінәсі жоқ. Бүгінде мұғалімге барлық жоғалтқан еңбекақысы төленіп жатыр. Сондай-ақ, емі ақылы түрде жүргізілсе, шығындардың барлығы толығымен өтеледі",- деді Еңбек мемлекеттік инспекциясы Департаментінің бөлім басшысы Тоқтарбек Түсіпбаев.

Шенеуніктің айтуынша, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша бұдан кейінгі жұмыстарды құқық қорғау органдары атқарады.

"Акт жасалды, барлық тиісті құжаттар рәсімделді. Енді материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі. Қылмыстық кодекстің 156-бабына сәйкес жұмыс беруші еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауап береді", — деп нақтылады Түсіпбаев.

Бұған дейін мұғалімнің ауруханадан шыққандығы, емді үйінде жалғастыратындығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды