Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының президентіне бірқатар міндет жүктеді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 17 қаңтарда Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдемесінен белгілі болды.

Ақылбек Күрішбаев Ұлттық ғылым академиясының 2024 жылғы атқарған қызметінің негізгі нәтижелері жөнінде баяндады.

Сондай-ақ, былтырғы отандық ғылымның жағдайын бағамдап, саланы дамытудың басым бағыттарын айқындау мақсатында жүргізілген кешенді жұмыс жөнінде мәлімет берген.

"2024 жылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көзделген 113 ғылыми-техникалық тапсырмаға сараптама жүргізілген, сондай-ақ 3 интеграцияланған пәнаралық ғылыми-техникалық бағдарлама әзірленген",- делінген ақпаратта.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымның әлеуетін арттыру үшін одан әрі жүйелі шаралар қабылдау қажет екеніне назар аударды.

"Таяуда Ұлттық ғылым академиясына Президент жанындағы жоғары ғылыми ұйым мәртебесін беретін Жарлыққа қол қойылды. Үкіметке аталған Жарлықты жүзеге асыруға қатысты құқықтық мәселелерді жеделдету туралы тапсырма берілді". Ақорда

Сондай-ақ ғылымды қаржыландыру 3,5 есе ұлғайды, "Ғылым және технологиялық саясат туралы" жаңа заң қабылданды. Жас ғалымдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау күшейтілді. Президенттің тапсырмасымен оларға баспана беріліп жатыр.

Бұған дейін Ұлттық Банктің базалық мөлшерлеме бойынша шешімі қабылдағаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді