Жамбыл облысында автобус жүргізушісі қоғамдық көлікті мас күйінде айдаған

Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында полицейлер автобусты мас күйде басқарған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

19 қаңтар Тараз көшелерінің бірінде маршруттық автобус жүргізушісінің күмәнді әрекеті патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын аудартты.

Тексеру кезінде 47 жастағы жүргізушіден өткір алкоголь иісі шығып тұрды. Полицейлер оның мас күйінде болуы мүмкін деп күдіктеніп, медициналық сараптамаға жіберді.

Медициналық тексеру автобус жүргізушісінің орташа деңгейде мас күйінде болғанын  растады.  Жиналған материалдар сотқа жіберіліп, автобус арнайы айып тұрағына қойылды.

"Жолаушылардың өміріне қауіп төндірген жүргізуші әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін", - деп хабарлады полиция.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты