Ресейден қашып кеткен Қазақстан азаматы экстрадицияланды

Фото: pxhere
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса ірі көлемдегі есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

Аталған тұлға 2023 жылдың қыркүйегінде Жамбыл облысының аумағында 13 кг кептірілмеген марихуананы заңсыз сақтап, тасымалдағаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.

2024 жылдың тамыз айында ол Ресей Федерациясы Киров облысының аумағында ұсталып, кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалуда.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы