Алматыда отбасылық жанжалға қатысы бар ер адамның аңшылық қаруы тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласының полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында болатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында 20-29 қаңтар аралығында "Тұрмыс" жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, отбасылық-тұрмыстық жанжалдар көбіне ішімдік ішу немесе ерлі-зайыптылар арасындағы қызғаныш салдарынан туындайды.

Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін құқық қорғау органдары түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, анықталған әрбір құқық бұзушылық бойынша тиісті шара қолданады.

Осындай оқиғалардың бірі Бостандық ауданында тіркелді. Полицияға түскен ақпарат бойынша, бұл отбасында жиі жанжал болып тұратындықтан, олар тәртіп сақшыларының назарында болған.

Зерделеу барысында отағасының тіркелген аңшылық қаруы бар екені анықталды. Сонымен қатар оның тұрақты түрде ішімдік ішіп, отбасылық тыныштықты бұзатыны белгілі болды.

Оқиғаның қайғылы жағдайға ұласуының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері ер адамның аңшылық қаруын тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін