Ерлан Каналимов Астана мәслихатының төрағасы қызметінен кетті

Сурет: instagram.com/kanalimov/
Ерлан Каналимов Астана мәслихатының төрағасы қызметінен кетті. Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол басқа қызметке ауысқан.

"Астана мәслихатының VIII сайланым төрағасы ретіндегі қызметіміз басқа қызметке ауысыма байланысты аяқталды. Осы жылдар ішінде елдің аманатын арқалап, халықпен бірлесе еңбек еттік. Ұлы Абайдың "Халық үшін қызмет қылсаң, халқың сүймек" деген сөзін ту еттік. Астана қаласы мәслихатының төрағасы ретінде басты ұстанымымыз – ашықтық пен жауапкершілік болды. Халыққа жақын болуға, мәселелердің шешімін бірге табуға мән бердік. Мәслихат отырыстарын тікелей эфирде өткізіп, әр депутаттың байланыс дерегін қолжетімді еттік. Атқарған ісіміздің сыншысы – халық, төрешісі – уақыт", - деп жазды ол.

Ерлан Каналимов өзіне сенім білдірген қала тұрғындарына, бірлесе еңбек еткен Астана  мәслихатының VII және VIII сайланым депутаттарына, қала әкімі Жеңіс Қасымбекке және барлық әріптесіне алғыс айтты.

"Осы жолда әрқайсыңызға мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!", - деді ол.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды