Павлодар облысындағы ауыл тұрғындары бір сәтте мектепсіз қалды

Сурет: pixabay
Ертіс ауданында мектеп жанып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, 23 қаңтар күні сағат 09:00-де Ертіс ауданының Бұланбай ауылындағы Бұланбай негізгі жалпы білім беретін мектебінің 2010 жылы салынған жеке тұрған бір қабатты бейімделген ғимаратында өрт шықты, деп жазды pavlodarnews.kz.

"Алдын ала нұсқа бойынша өрттің себебі – екпінді желге байланысты жақын тұрған бағананың қысқа тұйықталуы. Өрт шалған аумақ 153 шаршы метрді құрады. Мектеп ғимаратын визуалды тексеру өрттің салдарынан ғимараттың толығымен өртеніп кеткенін және қалпына келтірілмейтінін көрсетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады басқарма. 

Ертіс ауданының Бұланбай мектебінде бүгінде 20 оқушы білім алады. Оқушыларды одан әрі орналастыру және оқу процесін ұйымдастыру мәселесін шешу үшін аудан әкімі мен Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы дереу сол жерге барды.

Сол жерде ауыл тұрғындарының жиыны өткізіліп, оқушылардың ата-аналарының өтініші бойынша Бұланбай негізгі жалпы білім беретін мектебінің оқушыларын осы ауылда орналасқан шағын орталық ғимаратына уақытша орналастыру туралы шешім қабылданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды