Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды

Сурет: ktf.kz
Командалық әлем чемпионаты саналатын Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатының іріктеу сайысында D тобында Аустралия және Колумбиямен ойнайды. Бұл топтың матчтары 2025 жылғы сәуір айының екінші аптасында өтеді.

Биыл Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне 12 емес, 8 команда қатысады. Алты топтың жеңімпаздарына турнир қожайыны Қытай мен 2024 жылғы әлем чемпионы Италия қосылады.

Әр топта екінші және үшінші орын алған командалар плей-офф кезеңінде аймақтық топтық турнирлердің үздіктерімен сынға түседі. Плей-офф кезеңінде топтарда үш командадан ойнап, жеңімпаздары 2026 жылдың іріктеу сатысына жолдама алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды