Қазақстандықтарға алаяқтар ұрлаған ақшаны "қайтаруға" тағы бір мәрте уәде берілді

Фото: Zakon.kz
Қазнетте жаңа жалған ақпарат таратылуда. Оның авторы Қазақстанда алаяқ брокерлер ұрлаған ақшаны қайтарумен айналысатын мемлекеттік қызмет құрылды деп мәлімдеген. Бұл хабар сенуге тұрарлық па. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Stopfake.kz мамандары бұл ақпараттың жалғандығын айқындайтын бірнеше белгі бар екендігін айтады.

Бірінші. Қызмет Үкіметтің жарлығымен құрылды деген жалған мәлімдеме. Мәтінде Киберпол және ҰҚШҰ сияқты ұйымдар туралы айтылады, бұл ресмилік сезімді тудырады. Алаяқтар адамдардың белгілі құрылымдар мен мемлекеттік органдарға сенетінін біледі.

Мұны тексеру қиын емес: Қазақстан үкіметінің сайтында мұндай жаңалық жоқ.

Екінші. Атақты адамның фотосуретін пайдалану. Жарнамада ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың 2024 жылғы наурыздағы жаңалықтар мақаласынан алынған суреті пайдаланылған.

Сурет: Stopfake.kz

Бұл фотосуреттің жалған қызметке қатысы жоқ.

Үшінші. Фишингтік сілтеме. Алаяқтардың сайтында домендік аймақта тіркелген порталға апаратын "бізбен байланысу" батырмасы орналасқан. Бұл домен бастапқыда итальяндық және испандық қолданушыларға бағытталған, қазір ол барлық адамдар үшін ашық.

Қазақстанға "kz" домендік аймағы бекітілген. Барлық мемлекеттік ұйымдар бұл атауды ғана пайдаланады.

"Маңызды! Деректеріңізді белгісіз сайттарға жібермеңіз. Алаяқтар сіздің ақпаратыңызды теріс мақсатта пайдалана алады", – деп ескертеді сарапшылар.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы